ӨРКЕН ТІЛІ ТҮРКИ ОРТАҚ ТІЛ. 3-БАСЫЛЫМ

ӨРКЕН ТІЛІ ТҮРКИ ОРТАҚ ТІЛ. 3-БАСЫЛЫМ
О книге

Жахандану барысының барған сайын күшейіп үдей түсуі адамзат мәдениетінің асыл мұрасы болып табылатын сан тараулы түрки тілдерінің өміршеңдігіне қауіп төндіріп келеді. Ортақ түркілік тіл құндылықтарымызды сақтап қалуымыз үшін барлық тілге ортақ жазу оқу заңдылықтарын қайта құруға тура келеді. Міне осы мақсатты негіз ете отырып бұл кітапта түрки тілдерінің ортақ тұстарын тиімді пайдалану арқылы жаңаша ортақ тіл жобалау идеасы ортаға қойылды.

Читать ӨРКЕН ТІЛІ ТҮРКИ ОРТАҚ ТІЛ. 3-БАСЫЛЫМ онлайн беплатно


Шрифт
Интервал

© Өркен Тоқтар-ұлы, 2021


ISBN 978-5-0051-8661-4 (т. 3)

ISBN 978-5-0051-8662-1

Создано в интеллектуальной издательской системе Ridero


БЕТАШАР


Мен бұл кітабымды тіл мен мәдениеттерін сақтап қалуға тырысып келген күллі түрки халқына арнаймын!!!


Жаратқан Алладан елімізге, халқымызға және күллі түрки жұртына бірлік, бейбітшілік, орынықтылық, бақыт, береке, көркею, даму, өркендеу тілеймін!!!


Жаһанданудың күннен күнге үдей түсуінің салдарынан адамзат мәдениетінің жауһары болған түп-тамырлары тереңде жатқан түрки тілдерінің өміршеңдігіне қауіп төніп келеді. Түрки тілдерінің қолданыстан біртіндеп шығып жатқандарының себебі бір-бірінен алшақтаудың нәтижесінде өзара байланыстың үзілуінен болып тұр. Осы олқылықтың орынын толтырып, түрки тілдерінің өзара байланыстарын жандандыру мақсатында осы ортақ тіл үлгісін жобалап шықтым. Бұл тілдің тарихи міндеті барлық түрки тілдерінің фонетикалық, морфологиялық және грамматикалық ортақтығын тауып, соны қолданысқа ендіру арқылы оларға тілдік дамудың жақындасу бағытын ашу болып табылады. Әрі түпкі мақсаты барлық түрки тілдерін жаһанданудың жойқын толқындарынан аман алып қалу болып табылады.



Вам будет интересно